Мектеп басшысы » №3 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(700) 128-05-58
Есепші бөлімі:
+7(702) 175-40-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2023

Мектеп басшысы

Мен,Кушекбаева Дина Адильбековна,1976 жылдың 21-інші тамызында Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Өжет ауылында өмірге келдім. 1982 жылы 1 қыркүйекте Өжет ауылындағы №77 орта мектебіне 1-сыныпқа бардым. 11 сыныпты Алматы қаласындағы №33 орта мектебінде 1993 жылы бітірдім.
1994 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің тарих факултетінің күндізгі бөліміне оқуға түсіп, оны 1998 жылы аяқтадым.
1999 жылы Алматы қаласындағы №112 орта мектепке бастауыш сынып және тарих пәнінің мұғалімі болып жұмысқа тағайындалдым. 2000 жылы осы мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп, аттестатциялардан өтіп, 2002 жылы 2-категория, 12 разряд, 2004 жылы 1-санат, 13 разрядты иелендім. Осы мектепте 2009 жылға дейін жұмыс істедім.
2009 жылдың 1-нші қыркүйегінен бастап 2010 жылдың наурызына дейін Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылындағы №11 орта мектептің тарих пәні мұғалімі болып жұмыс істедім. 2010 жылдың 1-нші сәуірінен бастап Алматы қаласындағы №84 жалпы білім беретін мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызметке орналастым. 2012 жылы жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі квалификациясы берілді. 2016 жылдың 17-ақпанында Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылындағы №34 орта мектепке директордың оқу әдістеме ісі жөніндегі орынбасары қызметіне қабылдандым. 2016 жылдың тамыз айынан бастап-2023жылдың қаңтар айына дейін Алматы облысы, Іле ауданы, Құйған ауылы №32 орта мектептің директоры қызметін атқардым.
Менің қызметтегі өзекті мәселем: «Әр сабақта білім беру технологияларының түрлі әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытып, оқушыларға сапалы білім беру арқылы танымдылығын, шығармашылығын арттырып, рухани сезімге бай, елін, жерін, Отанын сүйетін, құзырлы жеке тұлға тәрбиелеу».
Байланыс нөмірі 87759093288