«Ұстаз- ұлы тұлға» » №3 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(700) 128-05-58
Есепші бөлімі:
+7(702) 175-40-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұстаз- ұлы тұлға»
02
ноябрь
2022

«Ұстаз- ұлы тұлға»

Дүниедегі мамандық атаулының төресі- ол ұстаздық. «Білімге ұмтылу, ұстазға құрмет көрсету- адамгершілігіңнің ілгері басуының бір қадамы»,- деп ұстаздыққа баға берген әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби. Ұстаз болу- шәкіртке ата-анасындай тәрбие сыйлау, жас ұрпақтың жарқын болашаққа баратын жолын айқындап беру. Ұлы жолда аянбай тер төгіп, еңбек етіп жүрген ардақты да, аяулы «Ұстаздар күні» мерекесіне орай мектебімізде 11 сынып түлектерінің ұйымдастыруымен «Ұстаз- ұлы тұлға» атты мерекелік кеш өткізілді. Ардагер ұстаздар мен барлық ұстаздар қауымы мерекелік кештің қадірлі қонағы болды. Әдеби монтаж, өлеңдер, би, марапаттаулар және ата-ананың отбасылық ансамблі ұстаздарға ән арнады.
Шәкірттерге білім нәрін сіңіртіп, нұрлы болашаққа қанат қақтыратын ұстаздарымызға шығармашылық табыстар тілейміз