«Оқуға құштар мектеп» » №3 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(700) 128-05-58
Есепші бөлімі:
+7(702) 175-40-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп»
06
март
2023

«Оқуға құштар мектеп»

 №11 орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Наурызым – салт – дәстүрім, берекем!» атты аудандық семинар өтті. Жауаптылар - №3, №11 мектеп кітапханашылары. Семинарға Іле ауданы әдіскері Молдагулова Ақмарал Құрманжановна, Энергетический ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейдалиев Мақсат Сейдалиевич, Жетіген ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы, ұйғыр этно – мәдениет орталығының басшысы Ушурова Рашидам Сейдалиевна және аудан кітапханашылары қатысты. Семинар барысында №3 орта мектеп оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бесікке салу» салт – дәстүрін көрсетті. Танымның бар тамашасы кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа. «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге!», - деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезекте көркем шығармалар арқылы бойына рухани құндылықтарды бойына сіңіріп жүрген №3 орта мектеп 9 - сынып оқушылары Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаятынан көрініс көрсетілді. Кездесу барысында оқушылар шақырылған қонақтармен сыр – сұхбат жүргізді. Аудандық іс – шара өз мәресіне жетіп, келген қонақтар, кітапханашылар өз ойларымен, алған әсерлерімен бөлісті.